Аймақтар • 13 Тамыз, 2019

Солтүстік Қазақстанда  тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері азаяр емес

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тұрмыс» республикалық акциясы кезінде  5 күннің ішінде ғана  120-дан астам тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері тіркелді.

 

Солтүстік Қазақстанда  тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері азаяр емес

Арнайы ұйымдастырылған  рейдке үшжүзден астам тәртіп сақшылары жұмылдырылып,  тұрмысы төмен көптеген отбасыларды аралаған. Жай-күйімен танысқан. Отбасы мүшелеріне заң талаптары түсіндіріліп, бірқатар нақты кеңестер берілген.

«Полиция қызметкерлері отбасылық тұрмыстық-құқық бұзушылықтардың алдын алу мақстымен буклеттер әзірледі. Сондай-ақ нәзікжандыларға сенім телефондары берілді. Акция басталғалы өңірде 124 тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғасы әшкереленсе, оның 17-сі “сенім телефоны” арқылы хабарланды», дейді Петропавл қалалық ішкі істер бөлімінің аға инспекторы Жұлдыз Бағыт.

Қазір арнайы есепте 290 адам тұр. Олардың 78-і маскүнем болса, 27-сі тұрмысы төмен отбасылардан шыққан.

Солтүстік Қазақстан облысы